Спорт Министрі | Елена Рыбакина Монреаль турнирінде ширек финалға шықты
ТЕННИС

Елена Рыбакина Монреаль турнирінде ширек финалға шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Әлемнің 12-ракеткасы мәртебесіне ие қазақстандық спортшы төртінші айналымда украиналық Даяна Ястремскаямен кездесіп, камбэк жасады. Алғашқы сетте 5:7 есебімен есе жіберген Рыбакина келесі партияларда 6:2, 7:5 нәтижесімен жеңіске жетті. Матч жалпы 2 сағат 33 минутқа созылды.

Бұл кездесуде Елена 7 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың бесеуін тиімді пайдаланды. Қарсыласы 4 брейкпен шектелді.

Ширек финалда Рыбакина әлемнің 28-ракеткасы украиналық Марта Костюкпен кездеседі. Костюк алдыңғы кезеңде америкалық Маккартни Кесслерді үш сетте жеңген болатын.

Бұл жеңіс Рыбакина үшін маусымдағы маңызды сәттердің бірі саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button