
Алматылық «Қайрат» командасының Чемпиондар лигасындағы келесі кезеңдегі ықтимал қарсыластары анықталды.
Қазақстандық клуб үшінші іріктеу кезеңінде чехиялық «Слован Братислава» командасымен кездеседі. Егер бұл кезеңнен сәтті өтсе, плей-офф кезеңінде мықты ұжымдармен жолы түйісуі мүмкін.
Плей-оффтағы ықтимал қарсыластар:
- «Будё-Глимт» (Норвегия) / «Селтик» (Шотландия)
- «Копенгаген» (Дания) / «Мальмё» (Швеция)
- «Црвена Звезда» (Сербия) / «Лех» (Польша)
- «Ференцварош» (Венгрия) / «Лудогорец» (Болгария)
Бұл командалардың барлығы Еуропада тәжірибесі мол, тұрақты қатысушылар қатарында.