
Астана қаласында өткен теннистен дәстүрлі Президент кубогы өз мәресіне жетті. Челленджер санатындағы турнирдің финалында норвегиялық Николай Будков Кьер мен италиялық Александр Бинду кездесіп, 18 жастағы скандинавиялық спортшы жеңіске жетті – 6:4, 6:3.
Нәтижесінде әлемнің 187-ракеткасы саналатын Кьер турнир жеңімпазы атанып, 8 350 АҚШ долларын және 50 ATP рейтингтік ұпайын иеленді. Бұл — оның кәсіби мансабындағы үшінші челленджер титулы.
Жұптық сында Жапония өкілдері Тайсей Ишикава мен Кокоро Исамура жеңімпаз атанды. Олар финалда филиппиндік Фрэнсис Алькантара мен кореялық Сун Пак дуэтін 7:5, 2:6, 10:5 есебімен жеңіп шықты.