Спорт Министрі | ҚПЛ, 19-туры аясында үш кездесу өтті
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

ҚПЛ, 19-туры аясында үш кездесу өтті

Қазақстан Премьер-лигасының 19-туры аясында үш кездесу өтті. Төменгі орындар үшін күрес те, үздіктер арасындағы тартыс та байқалды.

Оқжетпес – Елімай 1:1
Көкшетауда өткен ойында екі команда да үш ұпайға ұмтылды, алайда тең есеп тіркелді.
Гол авторлары: 55-минутта – Жұмат (Оқжетпес), 66-минутта – Кенжебек (Елімай, пенальтиден).

Қайрат – Ұлытау 1:0
Алматыда өткен кездесуде жалғыз гол тағдыр шешті.
Гол: 41-минутта – Эдмилсон (Қайрат). Бұл нәтиже Қайратты жоғарғы орындарға жақындата түсті.

Қызылжар – Тобыл 0:2
Петропавлда қостанайлықтар сенімді жеңіске қол жеткізді.
Голдар: 20-минутта – Цавнич, 83-минутта – Ғалым (Тобыл).

Басқа жаңалықтар

Back to top button