БОКС
Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Дархан Қызайбаев Asian Boxing ұйымының басшылық құрамына кірді

Жиын барысында жаңа құрлықтық ұйымның басшылық құрамы сайланды.
Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Дархан Қызайбаев Қаржылық және аудиторлық комиссияның төрағасы әрі директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.
Айта кетейік, Дархан Қызайбаев 2024 жылдың ақпан айынан бастап халықаралық байланыстар жөніндегі вице-президент қызметін атқарып келеді. Сондай-ақ, ол 2024 жылдың желтоқсанында Asian Boxing уақытша кеңесінің құрамына сайланған еді.