Спорт Министрі | 17 жастағы Дамир Жалғасбай алғаш рет ересектер арасындағы турнирде жеңімпаз атанды
ТЕННИС

17 жастағы Дамир Жалғасбай алғаш рет ересектер арасындағы турнирде жеңімпаз атанды

Қазақстандық жас теннисші Дамир Жалғасбай ересектер арасында өткен алғашқы халықаралық жарыста топ жарды. Ол Испанияның Хатива қаласында өткен ITF M15 турнирінде жұптық сында жеңіске жетті.

Жалғасбай латвиялық Артурс Загарспен тандем құрып, жарыстың барлық кезеңінде қарсыластарын сенімді түрде ұтты. Финалда қазақстандық-латвиялық жұп швейцариялық Адриен Бурде мен мексикалық Алан Сау Франконы 6:2, 6:1 есебімен айқын басымдықпен жеңіп шықты.

Бұл жетістік Дамир Жалғасбай үшін кәсіби мансабындағы алғашқы ересектер арасындағы титул болып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button