ТЕННИС
Елена Рыбакина Канадада өтіп жатқан теннис турнирінің 1/8 финалына шықты

Үшінші айналымда қазақстандық теннисші Румыния өкілі Жаклин Кристианмен кездесті.
Рыбакина екі сетте де жеңіске жетті. Бірінші сетте қарсыласы бірде-бір гейм ала алмады.
Кездесу 6:0, 7:6 есебімен аяқталды.
Келесі айналымда отандасымыз украиналық Даяна Ястремскаямен кездеседі.