Спорт Министрі | «Қайрат» Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне жолдама алды
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Қайрат» Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне жолдама алды

Алматының «Қайрат» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде финляндиялық «КуПС»-пен өткен қарымта матчта 3:0 есебімен ірі жеңіске жетіп, келесі айналымға өтті.

Бірінші ойын Финляндияда 0:2 есебімен аяқталғанына қарамастан, алматылықтар өз алаңында қарсыласты толық басымдықпен жеңіп, жалпы есепте 3:2 нәтижесімен келесі кезеңге жолдама алды.

Гол авторлары:

  • 9′ — Сәтпаев
  • 29′ — Жоржиньо
  • 43′ — Громыко

Қызыл қағаз: 45+1′ — Зария (алаңнан тыс жағдай үшін)

Енді «Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Слован Братислава» (Словакия) мен «Зриньски» (Босния және Герцеговина) арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі. Алғашқы матчта «Слован» 4:0 есебімен басым түскен болатын, сондықтан олардың келесі кезеңге өту мүмкіндігі жоғары.

Басқа жаңалықтар

Back to top button