ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Бақтияр Зайнутдинов «Динамо» сапында алғаш рет алаңға шықты

Қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтияр Зайнутдинов Мәскеудің «Динамо» клубындағы алғашқы ресми ойынын өткізді.

FONBET Ресей кубогының 1-турында «Динамо» «Сочи» командасымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бақтияр бұл матчта 78-минутта Игорь Сергеевтің орнына алаңға шықты.

Айта кетейік, Зайнутдинов соңғы рет ресми матчқа 26 қаңтар күні қатысқан болатын.

«Динамо» келесі кездесуін 2 тамызда «Краснодарға» қарсы өткізеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button