
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Түркияның «Бешікташ» клубынан Ресейдің «Динамо» командасына ресми түрде ауысты.
Трансфер туралы мәліметті Мәскеу клубының баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі бейнеролик арқылы жариялап, оған «Қош келдің!» деген жазба қалдырды.
Зайнутдинов 2023 жылдың жазында Мәскеудің ЦСКА клубынан «Бешікташқа» ауысқан болатын. Өткен маусымда ол барлық турнирлерде 12 матч өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті.