Спорт Министрі | Елена Рыбакина турнир финалында сенсациялық жеңіліске ұшырады
ТЕННИС

Елена Рыбакина турнир финалында сенсациялық жеңіліске ұшырады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 12-орын) АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен турнирдің жартылай финалында сенсациялық түрде жеңілді.

Рыбакина 36-орында тұрған канадалық Лейла Фернандеспен кездесіп, айқын фаворит саналған еді. Дегенмен үш сетке созылған тартысты матчта отандасымыз қарсыласына есе жіберді — 7:6, 6:7, 6:7.

Лейла Фернандес финалда ресейлік Анна Калинская (48-орын) мен британдық Эмма Радукану (46-орын) арасындағы матчтың жеңімпазымен шеберлік байқасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button