Спорт Министрі | Теннистен Қазақстан чемпионатының жартылай финалистері белгілі болды
ТЕННИС

Теннистен Қазақстан чемпионатының жартылай финалистері белгілі болды

Астанадағы Ұлттық теннис орталығында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында әйелдер арасындағы жартылай финалистер анықталды.

Турнирдің бірінші нөмірлі ракеткасы, WTA рейтингінде 292-сатыда тұрған Жібек Құламбаева ширек финалда Анастасия Крымкованы сенімді түрде 6:2, 6:2 есебімен ұтты. Енді ол жартылай финалда қысқы ел чемпионатының жеңімпазы Іңкәр Дүйсебаймен кездеседі. Іңкәр өз кезегінде Альбина Какенованы 6:3, 6:2 есебімен жеңді.

Екінші жартылай финалда Аружан Сағандықова мен Полина Слепцова жолығады. Аружан 1/4 финалда Асылжан Арыстанбекованы 6:3, 6:1 есебімен қапы қалдырса, Полина жоғары деңгейде өнер көрсетіп, турнирдің екінші нөмірлі ракеткасы Сандуғаш Кенжебаеваны (WTA 980) 6:4, 6:4 есебімен жарыстан шығарды.

Жартылай финалдық ойындар ертең өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button