
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Ұлыбритания өкілі Эмма Радуканумен жұптасып, Вашингтонда өтіп жатқан WTA-500 турнирінің жұптық сынында жартылай финалға жолдама алды.
1/4 финалда Рыбакина/Радукану дуэті мексикалық Джулиана Ольмос пен индонезиялық Алдила Сутджиадиді екі сетте жеңді — 7:6, 6:4.
Сонымен қатар Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 12-орын) Вашингтондағы турнирде жекелей сында да өнер көрсетуде. Ол алғашқы айналымда канадалық Виктория Мбоконы (88-орын) 6:3, 7:5 есебімен ұтқан еді.