
Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде 30-орын) Кицбюэльде (Австрия) өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына жолдама алды.
Ширек финалда ол тағы бір қазақстандық спортшы Александр Шевченкомен (110-орын) кездесіп, екі сетте жеңіске жетті — 6:4, 6:2. Қарсыласу 1 сағат 15 минутқа созылды, матч кезінде нөсер жаңбырға байланысты ойын бірнеше сағатқа тоқтатылған еді.
Енді Бублик жартылай финалда бразилиялық Тиагу Зайбот Вилд (132-орын) пен нидерландтық Ботик ван де Зандсхулп (103-орын) арасындағы кездесу жеңімпазымен шеберлік байқасады.