Спорт Министрі | 17 жастағы Әмір Омарханов алғаш рет Қазақстан чемпионатының финалына жолдама алды
ТЕННИСТРЕНДТЕ

17 жастағы Әмір Омарханов алғаш рет Қазақстан чемпионатының финалына жолдама алды

Астанада өтіп жатқан ересектер арасындағы теннистен Қазақстан чемпионатында финалистер анықталды.

Ерлер арасында 17 жастағы Әмір Омарханов жартылай финалда Ислам Орынбасарды 6:2, 4:6, 6:3 есебімен жеңіп, өз мансабында алғаш рет ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының финалына шықты. Оның қарсыласы өткен жылғы чемпион Григорий Ломакин болмақ. Ломакин жартылай финалда Тимур Мәуленовті 7:6 (7:5), 7:6 (7:2) есебімен ұтты.

Әйелдер арасында Жібек Құламбаева 18 жастағы Іңкәр Дүйсебайды 6:1, 6:3 есебімен жеңіп, финалға өтті. Екінші финалист – Аружан Сағындықова, ол жартылай финалда Полина Слепцованы 6:3, 6:2 есебімен қапы қалдырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button