Спорт Министрі | Бүгін Конференция лигасында қос қазақстандық клуб сынға түседі
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Бүгін Конференция лигасында қос қазақстандық клуб сынға түседі

Бүгін Қазақстанның екі бірдей клубы УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчтарын өткізеді.

«Астана» өз алаңында Молдова елінің «Зимбру» клубын қабылдайды. Кездесу 19:00-де «Астана Аренада» басталады. Бұл ойынға Беларусь елінің төрешілер бригадасы, бас қазы Амин Кургхели қызмет етеді.

Ал «Ақтөбе» Чехияның «Спарта Прага» командасымен күш сынасады. Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда өтетін матч 21:00-де басталып, оған норвегиялық төреші Кристоффер Хагенес бастаған бригада қазылық етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button