Спорт Министрі | «Қайрат» Финляндияда жеңіліп қалды: жауапты матч Алматыда өтеді
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Қайрат» Финляндияда жеңіліп қалды: жауапты матч Алматыда өтеді

Финляндияның Куопио қаласында өткен Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында алматылық «Қайрат» жергілікті КуПС командасынан 0:2 есебімен ұтылды.

Матч «Варе Арена» стадионында өтіп, командалар алғашқы таймда тең ойын көрсетті. Алайда екінші кезеңде алаң иелері басымдықты өз қолына алды. 49-минутта Туре есеп ашса, 71-минутта Оксанен нәтижені еселеп, фин командасына маңызды жеңіс сыйлады.

«Қайрат» бірнеше сәтте гол соғатын мүмкіндіктерге ие болғанымен, оларды пайдалана алмады. Қақпашы мен қорғаныс желісі қарсыластың шабуылдарын тоқтатуға қауқарсыз болды.

Енді қос команда арасындағы қарымта кездесу 29 шілдеде Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Қазақстандық клуб кемінде екі гол айырмасымен жеңіп, келесі кезеңге өтудің амалын қарастырады.

Жеңімпаз команда Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алады, ал ұтылған тарап Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынауды жалғастырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button