ТЕННИС
Юлия Путинцева АҚШ-тағы турнирде өнер көрсетуін аяқтады

Қазақстан теннис құрамасының өкілі Юлия Путинцева АҚШ-тың Вашингтон қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің екінші кезеңіне өте алмады.
Жарыстың алғашқы айналымында Путинцева Жапонияның танымал спортшысы Наоми Осакамен кездескен болатын.
Кездесу Наомидің пайдасына 6:2, 7:5 есебімен аяқталды.