Спорт Министрі | Теннистен әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатында өнер көрсететін қазақстандықтардың тізімі жарияланды
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Теннистен әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатында өнер көрсететін қазақстандықтардың тізімі жарияланды

Теннистен әйелдер арасындағы командалық Билли Джин Кинг кубогында өнер көрсететін Қазақстанның құрамы анықталды.

Турнирдің финалдық кезеңі Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 16-21 қыркүйек аралығында өтеді.

Қазақстан құрамасы ширек финалда АҚШ құрамасымен кездеседі. Бұл матч 18 қыркүйекке жоспарланған.

Финалдық кезеңде бақ сынайтын Қазақстан құрамасы:

— Елена Рыбакина

— Юлия Путинцева

— Зарина Дияс

— Анна Данилина

— Жібек Құламбаева

Капитан: Юрий Щукин

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы өз тарихында үшінші рет Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде өнер көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button