ТЕННИС
Шевченко Кицбюэльдегі ATP турнирінде 1/8 финалға шықты

Александр Шевченко Кицбюэльдегі ATP турнирінің 1/16 финалында жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Қазақстандық теннисші әлемнің 125-ракеткасы Даниэль Эль Галанмен кездесіп, үш сетке созылған тартысты матчта 2:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Енді Шевченко 1/8 финалда турнирдің 8-нөмірлі қатысушысы, венгриялық Мартон Фучовичпен шеберлік байқасады.
Сондай-ақ осы турнирде бірінші нөмірлі спортшы Александр Бублик те 1/8 финалға тікелей жолдама алған болатын.