
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ астанасы Вашингтонда өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жұптық сайысында ширек финалға жолдама алды.
Ол бұл турнирде Ұлыбританиялық Эмма Радуканумен жұптасып өнер көрсетуде.
Екінші айналымда Рыбакина/Радукану дуэті словак Тереза Михаликова мен британдық Оливия Николласты 2:6, 7:6(4), 11:9 есебімен жеңіп, 1 сағат 53 минутқа созылған тартысты кездесуде жеңіске жетті.
Енді қазақстандық-британдық жұп ширек финалда бақ сынайды.