Спорт Министрі | Болат Сариев Конференция Лигасы матчына қазылық етеді
ФУТБОЛ

Болат Сариев Конференция Лигасы матчына қазылық етеді

Қазақстандық төрешілер бригадасы 2025/26 маусымындағы Конференция Лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы ойында қызмет атқарады.

«Арда» (Болгария) мен ХИК Хельсинки (Финляндия) арасындағы кездесудің бас төрешісі болып Булат Сариев тағайындалды. Оған Денис Лабашов пен Сергей Васютин көмек көрсетеді, ал төртінші төреші міндетін Арман Исмуратов атқарады.

Матч 24 шілдеде Қырджали қаласында, жергілікті уақытпен 19:00-де басталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button