Спорт Министрі | Рыбакина WTA рейтингінде 12-орынға көтерілді
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Рыбакина WTA рейтингінде 12-орынға көтерілді

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жариялап, қазақстандық теннисшілер тағы да әлемдік үздіктер қатарынан көрінді.

Елена Рыбакина бір саты жоғарылап, қазір 12-орында тұр. Оның қоржынында 2806 ұпай бар. Бұл нәтиже Рыбакинаның тұрақты ойын көрсетіп жүргенін және топ‑10 қатарына қайта енуге әлеуеті бар екенін дәлелдейді.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева өз орнын сақтап, 43-ші орында қалды. Ол ірі турнирлердің негізгі сеткаларына тұрақты түрде шығып, топ‑50 ішінде нық орналасып отыр.

Жұптық сында да Қазақстан үздіктер қатарында. Анна Данилина әлемдегі ең мықты парлы теннисшілердің бірі ретінде 10-орынды ұстап тұр. Оның «Үлкен дулыға» және WTA турнирлеріндегі тұрақты нәтижелері бұл мәртебесін растайды.

Рейтинг көшбасшылары өзгерген жоқ: Арина Соболенко (Беларусь) бірінші орында, Коко Гауфф (АҚШ) екінші, ал үшінші сатыда Ига Швёнтек (Польша) тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button