
Егер алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде финляндиялық КуПС клубын жеңсе, үшінші раундта «Слован» (Братислава, Словакия) мен «Зриньски» (Мостар, Босния және Герцеговина) арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.
Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері ертең, 23 шілдеде, Куопио қаласында КуПС-қа қарсы алғашқы ойынын өткізеді.