
Турнир 25-27 шілде күндері Италияның Кастелламмаре ди Стабиа қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы В дивизионында Румыния, Новрегия және Мальта командаларымен кездеседі.
Жарыс алдында ұлттық құрама 20-24 шілде аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылған ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Дастамиден Дагиев («Арман»), Дмитрий Бровко («Barqy»);
Қорғаушылар: Игорь Демешко, Михаил Кайзер (екеуі де – «Арман»), Әбдіқадыр Құрбанов («Омега»), Нұрдәулет Болатбек («Малайсары»);
Шабуылшылар: Айдын Маликов («Малайсары»), Артур Деринг, Нұрлан Жүнәсов (екеуі де – TK B&A), Арман Шотанов («Barqy»), Владислав Шевчук, Алан Мыңбаев (екеуі де – «Арман»);
Жаттықтырушылар штабы: Артем Ерохнович – аға бапкер, Александр Богомолов – ассистент бапкер, Бауыржан Абаев – дәрігер, Ойбек Полатов – массажист, Меруерт Танабаева – менеджер.
Қазақстан құрамасының ойындар кестесі:
25 шілде, 15:30: Қазақстан – Румыния
26 шілде, 14:15: Норвегия – Қазақстан
27 шілде, 14:15: Мальта – Қазақстан
Барлық матчтар BSWW TV платформасында тікелей эфирде көрсетіледі.