
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жариялаған жаңартылған әлемдік рейтингте қазақстандық Александр Бублик ТОП-30-ға қайта кірді.
Швейцарияның Гштаад қаласында өткен ATP 250 турнирінде топ жарған Бублик 34-орыннан 30-орынға көтерілді.
Ал Александр Шевченко 101-ден 110-сатыға сырғыса, Михаил Кукушкин 197-орында қалды. Дмитрий Попко 214-тен 215-ке түсті, Бейбіт Жұқаев 216-дан 218-ге төмендеді. Тимофей Скатов 253-тен 309-ға, ал Денис Евсеев 280-нен 322-ге құлдырады.