Спорт Министрі | Вашингтон турнирі: Рыбакина мен Путинцеваның алғашқы қарсыластары белгілі болды
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Вашингтон турнирі: Рыбакина мен Путинцеваның алғашқы қарсыластары белгілі болды

21-27 шілде аралығында АҚШ астанасында өтетін WTA 500 турнирінің жеребесі тартылды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 13-сатыда тұрған Елена Рыбакина доданы екінші айналымнан бастайды. Ол ресейлік Анастасия Потапова (42-орын) немесе канадалық Виктория Мбокомен (86-орын) кездеседі.

Ал Юлия Путинцева (43-орын) алғашқы матчында жапониялық Наоми Осаканы қабылдайды. Қазір 49-сатыда тұрған Осака – «Үлкен дулыға» турнирлерінің бес дүркін чемпионы.

Ерлер арасында Бейбіт Жұқаев (216-орын) іріктеу финалында италиялық Андреа Вавассориге (324-орын) қарсы шығады. Жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button