
Қазақстан Премьер-лигасының XVII турының екінші ойын күні аяқталды. Көкшетауда өткен кездесуде «Оқжетпес» өз алаңында «Ұлытауды» 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз голды 44-минутта Никола Цуцкич соқты.
Бұл жеңістен кейін «Оқжетпес» 27 ұпай жинап, турнир кестесінде бесінші орынға көтерілді.
Сонымен қатар тур аясында «Қайрат» пен «Қайсар» 1:1 есебімен тең ойнады, ал «Елімай» өз алаңында «Жеңістен» 1:2 есебімен ұтылды.
20 шілдеде «Қызылжар» – «Атырау», «Ақтөбе» – «Тобыл» және «Жетісу» – «Ордабасы» матчтары өтеді. Бұған дейін «Астана» «Тұранды» 7:0 есебімен ірі жеңіске жеткен еді.