
Қостанайлық боксшы Иван Дычко рингке бір жылдан кейін қайта оралып, айқын жеңіске қол жеткізді.
Вашингтонда өткен кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегінде 34 жастағы қазақстандық спортшы америкалық Сэмюэл Кроссдпен кездесті. Сегіз раундқа жоспарланған айқас бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен аяқталды.
Бұл Дычконың кәсіби мансабындағы 15-жеңісі, оның 13-і нокаутпен келген. Ал 38 жастағы Кроссд үшін бұл бесінші жеңіліс (11 жеңісі және бір тең нәтижесі бар).
Айта кетейік, осы жекпе-жек алдында Иван Дычко бұрынғы әлем чемпионы Энтони Джошуамен спарринг өткізіп, оны нокдаунға жіберген еді.