Спорт Министрі | Галина Воскобоева тенниске қайта оралды
ТЕННИС

Галина Воскобоева тенниске қайта оралды

Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева үш жылдық үзілістен кейін үлкен спортқа қайта оралды. Ол 22 шілдеде басталатын АҚШ-тағы WTA 500 санатындағы Вашингтон турнирінде жұптық сында ресейлік Камила Рахимовамен бірге өнер көрсетеді.

40 жастағы спортшы осы жарыстан кейін АҚШ ашық чемпионаты қарсаңында тағы бірнеше турнирге қатысуды жоспарлап отыр.

Айта кетсек, Воскобоева 2012 жылы әлемдік рейтингте 42-орынға дейін көтерілген. Жұптық сында сол жылы 26-сатыда тұрды және Australian Open мен Roland Garros турнирлерінде ширек финалға дейін жеткен.

Галина Воскобоева WTA деңгейіндегі соңғы ресми матчын 2021 жылы өткізген болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button