Спорт Министрі | Теннисші Александр Бублик Швейцариядағы турнирдің жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Теннисші Александр Бублик Швейцариядағы турнирдің жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды

Теннистен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Гштаад (Швейцария) қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті.

Александр Бублик жарыстың 1/8 финалында отандасы Александр Шевченкомен кездесті.

1 сағат 2 минутқа созылған бәсекеде Александр Бублик 5 эйспен қоса, 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Осылайша, 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін аргентиналық Франсиско Комесаньямен өзара мықтыны анықтайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button