Спорт Министрі | «Қайрат» Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне жолдама алды
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Қайрат» Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне жолдама алды

Алматының «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде словениялық «Олимпияны» жалпы есеппен 3:1 нәтижесімен артта қалдырды.

Алматыдағы қарымта матчта алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті. Голдарды 5-минутта Жоржиньо, ал 31-минутта Мрынский соқты.

Келесі кезеңде «Қайрат» Финляндияның КуПС клубымен кездеседі. Фин командасы алғашқы кезеңде Молдованың «Милсамиінен» (1:0, 0:0) басым түскен.

Алғашқы ойын 22/23 шілдеде сырт алаңда өтсе, қарымта матч 29/30 шілде күні Алматыда ұйымдастырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button