Спорт Министрі | FIFA әлем чемпионаты билеттерін сатудың басталу мерзімін жариялады
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

FIFA әлем чемпионаты билеттерін сатудың басталу мерзімін жариялады

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) 2026 жылғы әлем чемпионатының билеттерін сату 2025 жылдың 10 қыркүйегінде басталатынын мәлімдеді. Сол күні алғашқы кезеңге өтінім қабылдау және билет ұтыс ойынына қатысу басталады.

Билеттер сатылап сатылады және бұл процесс финалдық матчқа дейін жалғасады. Турнирдің шешуші ойыны 19 шілдеде Нью-Йоркте өтеді. Әр кезеңнің сатып алу тәртібі мен төлем ережелері туралы мәлімет FIFA сайтында алдын ала жарияланады.

Федерация жанкүйерлерге алдын ала тіркеліп, жеке ID алуды ұсынады. Осылайша олар сатылым мерзімдері мен өтінім қабылдау кезеңдері туралы хабарламаларды уақытылы ала алады.

FIFA президенті Джанни Инфантино:
– Бұл тарихтағы ең ірі спорттық оқиға болмақ. Біз бүкіл әлемнің жанкүйерлерін осы тарихи сәттің бір бөлігі болуға шақырамыз, – деді.

Еске сала кетсек, FIFA-2026 чемпионаты ең ауқымды дода болмақ: 48 құрама, 104 матч, үш елдің — Канада, Мексика және АҚШ-тың стадиондарында өтеді. Шамамен 6,5 миллион жанкүйер қатысады деп күтілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button