Спорт Министрі | Александр Шевченко Швейцариядағы турнирді жеңіспен бастады
ТЕННИС

Александр Шевченко Швейцариядағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Гштаадта (Швейцария) өтіп жатқан ATP 250 турнирінің алғашқы айналымында жеңіске жетті.

Отандасымыз жергілікті жұлдыз Стэн Вавринкамен кездесіп, матчты 6:3, 6:2 есебімен аяқтады. Ойын 1 сағат 15 минутқа созылды. Шевченко 7 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың жартысын тиімді пайдаланды.

Енді қазақстандық теннисшілердің ішкі дуэлі өтеді: Шевченко ширек финал жолдамасын сарапқа салу үшін Александр Бубликпен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button