КӘСІПҚОЙ БОКСТРЕНДТЕ
Қазақ боксшысы WBC рейтингінің үздік 15-тігіне енді

Всемирный боксерский совет (WBC) жаңартылған рейтингін жариялады. Қазақстандық боксшылардың ішінде ең үлкен ілгерілеу екінші орта салмақтағы Бек Нұрмағанбетке тиесілі – ол төрт саты көтеріліп, 15-орынға шықты.
Басқа қазақстандықтардың позициясы:
- Мейірім Нұрсұлтанов (орта салмақ) бұрынғысынша 1-орында және әлем чемпионы Карлос Адамеске басты үміткер болып қала береді.
- Али Ахмедов бір орын төмендеп, 29-сатыда.
- Иван Дычко (суперауыр салмақ) екі орын түсіп, 34-орында.
- Садриддин Ахмедов (бірінші орта салмақ) 32-ден 33-ке сырғыды.
- Данияр Елеусінов (жартылай орта салмақ) 30-орынды сақтап қалды.
- Батыр Жүкембаев (бірінші жартылай орта) 29-дан 32-ге түсті.
- Сұлтан Заурбек (екінші жартылай жеңіл салмақ) 16-дан 18-орынға ауысты.