
Алматының «Қайраты» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі жауапты матчын өткізеді. Орталық стадионда словениялық «Олимпия» (Любляна) командасын қабылдайды.
Алғашқы ойын 1:1 есебімен аяқталған болатын. Қарымта матч бүгін, 20:00-де басталады. Кездесуді Qazsport арнасы көрсетпейді, тек Кинопоиск және QLeague телеарнасынан көруге болады.
Ойынға Маттео Маркетти бастаған италиялық төрешілер қызмет атқарады.