
Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің №34 теннисшісі Александр Бублик елдегі басты турнир — ATP 250 Almaty Open жарысына қатысатынын ресми растады.
Бұл Бубликтің туған еліндегі осындай деңгейдегі турнирге алғаш рет шығуы болмақ. Әлемдік рейтингте жоғары тұрған қазақстандық спортшы үшін бұл жарыс ерекше маңызға ие.
– Үйде ойнау – үлкен жауапкершілік әрі ерекше мотивация. Алматыда кортқа шығуды асыға күтіп жүрмін. Жанкүйерлерімізді жарқын ойынмен және жақсы нәтижемен қуантқым келеді. Туған елдің қолдауы әрдайым күш береді, – деді Бублик Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне.
ATP 250 Almaty Open 2025 жылдың 11-19 қазаны аралығында Алматыда өтеді.