Спорт Министрі | Тимофей Скатов Швециядағы турнирді жеңіспен бастады
ТЕННИС

Тимофей Скатов Швециядағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Швецияның Бостад қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирде іріктеу кезеңін жеңіспен бастады.

Алғашқы айналымда Скатов үндістандық Сумит Нагалмен кездесіп, 6:2, 6:4 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 26 минутқа созылды. Жерлесіміз матч барысында сегіз брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Енді Скатов жарыстың негізгі жеріне өту үшін италиялық Андреа Пеллегриномен күш сынасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button