ФУТБОЛ
ҚПЛ 16-тур: «Ордабасы» сенсация жасады, «Тобыл» көшке жақындады

12–13 шілде күндері футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 16-турындағы негізгі бес матч өтті. Турдың басты жаңалығы — «Ордабасының» көшбасшы «Астананы» 1:0 есебімен жеңуі болды. Бұл шымкенттіктер үшін соңғы үш турдағы алғашқы жеңіс.
Қостанайдың «Тобылы» да «Оқжетпесті» 2:1 есебімен жеңіп, жоғалтқан ұпай саны бойынша чемпионаттың жаңа көшбасшысы атануға жақындады.
Тур қорытындылары:
- «Ұлытау» – «Елімай» – 1:1
- «Тұран» – «Қызылжар» – 1:2
- «Тобыл» – «Оқжетпес» – 2:1
- «Жеңіс» – «Жетісу» – 3:1
- «Ордабасы» – «Астана» – 1:0
Бұған дейін ойналған ойындар:
- «Атырау» – «Қайрат» – 1:4
- «Қайсар» – «Ақтөбе» – 1:2
Келесі, 17-тур 18 шілдеде басталады.