ТЕННИС
Қазақстандық жас теннисшілер Қырғызстандағы турнирде топ жарды

Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өткен 18 жасқа дейінгілер арасындағы ITF Juniors J30 турнирінде қазақстандық спортшылар үздік нәтиже көрсетті.
Жекелей сында Даниель Юрекли америкалық Аруша Котені финалда 6:2, 1:6, 6:3 есебімен жеңіп, өзінің алғашқы ITF титулын жеңіп алды.
Жұптық сында Родион Лукашов пен Тимур Сауленко финалда қырғызстандық Давид Могилевский — Никита Клетцов дуэтін 4:6, 6:3, 10:4 есебімен тізе бүктіріп, чемпион атанды.
Қыздар арасында шымкенттік Сабина Шухратова финалға дейін жетіп, алайда Сабина Хаибрахмановаға 2:6, 1:6 есебімен жол берді.
Ал жұптық сында Сафина Сафиуллина мен Яна Штода ресейлік қарсыластарын аса тартысты матчта ұтып, жеңімпаз атанды — 6:7 (1:7), 7:6 (7:5), 10:4.