
– Қазіргі уақытта көптеген футбол клубы бюджет есебінен қаржыландырылады. Білесіздер, бұл туралы әр түрлі пікір бар. Бас прокуратура мен басқа да құқықтық органдар клубтарды тексерді. Әрине, көп сұрақ бар. Клубтарға жыл сайын орташа 3 млрд теңге бөлінеді, бірақ ол ақша легионерлер мен шетелдік мамандарға жұмсалды. Бірақ клубтардың инфрақұрылымы, академиясы мен стадионы жоқ. Бұл дұрыс емес. Жеке инвестор келсе, оның өз активі пайда болады. Болашақта басқа демеушілер арқылы тағы да инвестиция тартады. Ол әлемдік тәжірибе. Қазір ең мықты клуб – жекеменшік клубтар. Бүгінде футбол бизнеске айналды. Телевизиялық бағдарламалар, жарнама, онлайн платформаларда да бәрі бар. Көп адам оны қарайды. Сондықтан әр клуб жекеменшік болғаны дұрыс. Қазақстан осы жолмен жүреді. Бізде жекешелендірілетін клубтардың тізімі жасалды. Қазақстан футбол федерациясы инвестор тартуға көмектесетін тарап ретінде жұмыс істейді, – деді М.Омаров.