Спорт Министрі | Еурокубок: Қазақстан клубтарының ойындарын кімдер төрелік етеді
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Еурокубок: Қазақстан клубтарының ойындарын кімдер төрелік етеді

Қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алдағы матчтарына қызмет көрсететін төрешілер құрамы белгілі болды.

Чемпиондар лигасы
15 шілде күні Алматыда өтетін «Қайрат» (Алматы) пен «Олимпия» (Любляна, Словения) арасындағы ойынды италиялық төрешілер бригадасы жүргізеді. Бас төреші — Маттео Маркетти, оған қос қанатта Алессио Берти мен Валерио Коларосси көмектеседі.

Кездесу 20:00-де Орталық стадионда өтеді.

Еуропа лигасы
«Ақтөбе» мен Варшава «Легиясы» (Польша) арасындағы қарымта матчты швед төрешілері қадағалайды. Бас төреші — Гранит Македонци, көмекшілері — Макс-Робин Вильде мен Маркус Клитте.

Матч 17 шілде күні, 21:00-де Ақтөбедегі Орталық стадионда өтеді.

Конференция лигасы
«Ордабасы» (Шымкент) мен «Торпедо» (Кутаиси, Грузия) арасындағы кездесуде болгарлық Никола Попов төрелік етеді. Қанаттағы көмекшілері — Георгий Тодоров пен Георги Дойнов.

Матч 17 шілде күні, 21:00-де Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button