ТЕННИС
Елена Рыбакина WTA рейтингінде 13-орынға сырғыды

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) Уимблдон турнирінен кейін жаңартылған рейтингті жариялады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина үшінші айналымда жарыс жолынан шығып, әлемдік рейтингте 11-ден 13-орынға төмендеді.
Юлия Путинцева да бірден он сатыға сырғыды — ол америкалық Аманда Анисимовадан алғашқы кездесуде жеңіліп, 33-орыннан 43-орынға түсті.
WTA рейтингінде көшбасшылықты бұрынғыша белоруссиялық Арина Соболенко сақтап қалды. Одан кейін америкалық Кори Гауфф пен Уимблдон чемпионы атанған польшалық Ига Швентек орналасқан.
Жұптық сында Анна Данилина 8-ден 10-орынға, ал Жібек Құламбаева 124-тен 122-орынға көтерілді. Чемпиондық кестеде Рыбакина 8-ден 9-ға, Путинцева 43-тен 52-ге түсті.