
12 шілде күні футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры аясында екі кездесу өтеді.
Алғашқы матч 17:00-де басталады — Жезқазғанда жергілікті «Ұлытау» клубы семейлік «Елімайды» қабылдайды. Ал кешкі сағат 20:00-де Түркістанда «Тұран» мен «Қызылжар» жасыл алаңға шығады.
Тур аясындағы қалған үш ойын 13 шілдеде өтеді:
- 18:00 – «Жеңіс» (Астана) – «Жетісу» (Талдықорған)
- 18:00 – «Тобыл» (Қостанай) – «Оқжетпес» (Көкшетау)
- 20:00 – «Ордабасы» (Шымкент) – «Астана»
Еске салайық, бұл турдың алдын ала өткен ойындарында «Қайрат» «Атырауды» 4:0 есебімен ұтқан болатын (16 сәуір), ал «Қайсар» «Ақтөбеден» 1:2 есебімен жеңілді (14 мамыр).