Спорт Министрі | Әмір Омарханов Уимблдон турнирінің финалынан тыс қалды
ТЕННИС

Әмір Омарханов Уимблдон турнирінің финалынан тыс қалды

Қазақстандық жас теннисші Әмір Омарханов Уимблдон турнирінің жұптық сындағы финалына өте алмады.

Ол ресейлік әріптесі Егор Плешивцевпен бірге жартылай финалда жарыстың төртінші ракеткалары саналатын финляндиялық Оскари Палданиус пен поляк Алан Вазныға қарсы ойнады.

Кездесу үш сетке созылды. Алғашқы партияда қарсыластар 6:4 есебімен басымдық танытты. Екінші сетте Омарханов – Плешивцев дуэті дәл сондай есеппен жеңіске жетіп, матчты супер тай-брейкке жеткізді. Алайда шешуші сәтте 5:10 есебімен жол беріп, финал жолдамасынан айырылды.

Осылайша, Әмір Омарханов үшін Уимблдондағы турнир жартылай финалмен аяқталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button