ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде бір саты төмендеді

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады. Жаңа тізімге сәйкес, Қазақстан құрамасы бір орынға төмен түсіп, 114-орынды иеленді.

Қазіргі позициямызда Қазақстан Мавритания, Ливия, Вьетнам, Мадагаскар және Зимбабве сияқты құрамалармен қатар тұр. Рейтингтің көшін Аргентина құрамасы бастап тұр. Екінші орында — Испания, ал үздік үштікті Франция түйіндеп тұр.

Айта кетейік, Әли Әлиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы соңғы рет маусым айында Солтүстік Македонияға қарсы ойнады. Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы бұл кездесуде отандастарымыз өз алаңында 0:1 есебімен жеңіліп қалған болатын.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button