ФУТБОЛ
Нұрсұлтан Құрман – Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті

Қазақстан футзал қауымдастығына жаңа басшы тағайындалды. Бұл лауазымға Нұрсұлтан Құрман келді.
2023-2024 жылдары ол қауымдастық президентінің орынбасары қызметін атқарып, медиа стратегия мен коммуникация салаларына жетекшілік етті.
2025 жылдың қаңтарынан бастап Құрман Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі болып жұмыс істеді. Ал мамыр айында ҚФФ Атқарушы комитетінің құрамына енді.
Енді ол футзалды жаңа деңгейге шығару мақсатында қауымдастықты басқарады.