Спорт Министрі | «Ақтөбе» Еуропа лигасының алғашқы ойынында «Легияға» есе жіберді
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Ақтөбе» Еуропа лигасының алғашқы ойынында «Легияға» есе жіберді

Польшаның Варшава қаласында өткен Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында «Ақтөбе» жергілікті «Легияға» 1:0 есебімен жол берді.

Кездесу «Войско Польске» стадионында өтті. Ойынға чехиялық төреші Далибор Черны басшылық етті.

Бастапқы құрамдар:

«Легия»: Тобиаш, Вшолек, Панков, Капюади, Кун, Капустка, Аугустыняк, Элитим, Бичахчян, Гуаль, Морисит.

«Ақтөбе»: Влад, Анджелкович, Кики, Қаиров, Вэтэжелу, Жан, Агбо, Корзун, Швырев, Өміртаев, Жуков.

Ойын басынан бастап алаң иелері басымдық танытты. Дегенмен, «Ақтөбе» ойыншылары қарсы шабуыл ұйымдастырып, Оралхан Өміртаев жеке шыққан сәтті голға айналдыра жаздады. Алайда бұл доп VAR қарауынан кейін офсайд деп танылып, есепке алынбады.

25-минутта «Легияның» жартылай қорғаушысы Ваган Бичахчян алыстан қақпаның жоғарғы бұрышына дәл соққы жасап, есеп ашты. Бірінші тайм осы есеппен аяқталды. Екінші таймда қос тарап та бірнеше мүмкіндікке ие болды, бірақ таблодағы нәтиже өзгеріссіз қалды — 1:0.

Қарымта кездесу 17 шілдеде Ақтөбеде өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button