
10 шілде күні қазақстандық екі клуб – «Ақтөбе» мен «Ордабасы» Еурокубок додаларындағы алғашқы ойындарын өткізеді.
«Ақтөбе» UEFA Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде Польшада жергілікті «Легиямен» кездеседі. Матч 00:00-де басталады. Ойынға Далибор Черны бастаған чехиялық төрешілер бригадасы қазылық етеді.
Ал «Ордабасы» Конференция лигасының іріктеу кезеңінде Грузияның «Торпедо Кутаиси» командасымен шеберлік байқасады. Кездесу 21:00-ге жоспарланған. Бұл матчта Антон Лашук бастаған Беларусь төрешілер тобы жұмыс істейді.