Спорт Министрі | Әмір Омарханов Уимблдон турнирінің ширек финалына өтті
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Әмір Омарханов Уимблдон турнирінің ширек финалына өтті

Қазақстандық жас теннисші Әмір Омарханов Ұлыбританияда өтіп жатқан “Уимблдон” турнирінің жұптық сынында ширек финалға жолдама алды.

Омарханов турнирде ресейлік Егор Плешивцевпен тандем құрып өнер көрсетуде. 1/8 финалдық кездесуде олар жарыстың екінші нөмірлі жұбы – ресейлік Тимофей Дерепаско мен италиялық Джакопо Васамиді 6:3, 6:2 есебімен сенімді жеңді.

Келесі кезеңде Омарханов/Плешивцев жұбы жартылай финал жолдамасы үшін Оңтүстік Африка өкілі Коннор Доиг пен үндістандық Криш Туяги дуэтімен кортқа шығады.

Айта кетейік, бұл Әмір Омархановтың “Үлкен дулыға” турниріндегі ең ірі жетістіктерінің бірі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button